Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары

Жүк тасымалы
10.07.2026, 09:15
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жүк вагондарының ұлттық операторы «Қазтеміртранс» АҚ вагон паркін жаңарту және толықтыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Осы арада басты назар жаңа жылжымалы құрамды сатып алуға және қолданыстағы парктің техникалық дайындығын сақтауға аударылып отыр.

Мәселен, паркті жаңарту аясында 2023-2025 жылдары ҚТТ компаниясы «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС-інен отандық өндірістегі 3 000 ашық вагон сатып алған болатын. Бұл вагондар әлеуметтік маңызы бар жүктерді, оның ішінде көмір, құрылыс материалдары және басқа да жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдауға жұмылдырылды.  

Сонымен қатар компания паркті кезең-кезеңімен одан әрі толықтыруды жоспарлап отыр. Айталық, 2027-2031 жылдар аралығында 13 000 бірлік жылжымалы құрамды сатып алу көзделген. Оның ішінде 10 000 ашық вагон, 2 100 жабық вагон және 900 астық тасымалдаушы вагон.  

«Қазтеміртранс» АҚ ерекше көңіл бөліп отырған бір бағыт – жоспарлы және ағымдық жөндеу түрлерін уақытылы жүргізу. Бұл жылжымалы құрамның тұрақты жұмысын қолдауға, тасымалдау процесінің сенімділігін арттыруға және жүк жөнелтушілердің өтінімдерін орындауға мүмкіндік беріп отыр. Осындай іс-шаралар арқасында көмір тасымалы қызған шақта ашық вагондар тапшылығы байқалмай отыр.  

Айта кетейік, «Қазтеміртранс» АҚ өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша көмір тасымалдауда оң нәтижелерге қол жеткізді. 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымында ел аумағында 28,2 млн тоннадан астам көмір тасымалданған. Оның 20,4 млн тоннасы жылу электр орталықтарының қажеттілігіне бағытталса, 7,8 млн тоннасы коммуналдықтұрмыстық сектор мен кәсіпорындарға жеткізілген.  

Қазақстан көмірінің негізгі экспорттық бағыттары әдеттегідей Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдері болып отыр. Ресей аумағы арқылы тасымалдар әлемдік нарықтарға одан әрі экспорттауды қамтамасыз ететін Лужская, Тамань және Выборг теңіз порттары бағытында жүзеге асырылады. Бұл бағыттағы орташа айлық тасымалдау көлемі шамамен 4,5 мың вагон, ал Орталық Азия елдері – Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан бағытында орташа айлық көлемі шамамен 750 вагон жөнелтілімін құрайды.  

Десе де, атап өтер жайт, соңғы жылдары экспорттық ағындардың қайта бөлінуі байқалып, баламалы маршруттарға, оның ішінде Қытай және Орталық Азия елдері бағыттарына қызығушылық біртіндеп артып келеді. «Қазтеміртранс» АҚ қажетті ашық вагондар паркін қамтамасыз етіп, ұлттық компаниямен бірлесіп барлық негізгі экспорттық бағыттар бойынша тасымалдауға сұранысты уақытылы қанағаттандыру жөнінде шаралар қабылдауда.

ҚТТ мамандары көмір тасымалын ұйымдастырудағы негізгі сын-қатерлер жылыту маусымының ең қызған кезеңіне сәйкес келетінін айтады. Бұл уақытта ЖЭО, коммуналдық-тұрмыстық сектор және халық тарапынан сұраныс бір мезгілде артады. Осы кезеңде жылжымалы құрамды уақытылы беру, көмір разрездерінде тиеудің біркелкілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ашық вагондарды бағыттар бойынша тиімді бөлу маңызды. Осыған орай, өтінімдердің шоғырлануына және тиеудің бір бағытта шамадан тыс жиналуына жол бермеу үшін «Қазтеміртранс» АҚ уәкілетті мемлекеттік органдармен, жүк жөнелтушілермен және жүк алушылармен бірлесіп алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізіп келеді. Алдын ала жоспарлау нәтижесі – вагондарға деген қажеттілікті айқындауға, ашық вагондар паркін бөлуге және әлеуметтік маңызы бар жүкті тұрақты тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.  

Вагон паркінің техникалық дайындығы назардан тыс қалған емес. Вагондарды уақытылы жөндеу, жарамды техникалық жай-күйін сақтау және тасымалдау процесінің барлық қатысушыларын үйлестіру тұрақты жұмыстың негізгі шарттары болып табылады.  

Бүгінде «Қазтеміртранс» АҚ алдағы 2026-2027 жылғы жылыту маусымына дайындық аясында вагон паркінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар кешенін жүргізуде. Вагондарды техникалық жарамды күйде ұстау, сондай-ақ жоспарлы және ағымдық жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу мақсатында Қоғам тиісті сатып алу рәсімдерін өткізді. Олардың қорытындысы бойынша жөндеу кәсіпорындарымен шарттар жасалды. Аталған кезеңде 28 000-нан астам вагонды жөндеу жоспарланып отыр. Бұл күзгі-қысқы кезеңдегі тасымалдарға жылжымалы құрамның қажетті техникалық дайындық деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!