Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде

Цифрландыру
21.07.2026, 08:40
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Никельтау – Қандыағаш учаскесінде қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ЦАБ-АЛСО жүйесі іске қосылмақ. Бұл жоба пойыздар қозғалысын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, магистральдың өткізу қабілетін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа цифрлық кешен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін күшейтіп, автоматика құрылғыларының сенімділігін арттыруға және тасымалдау процесін басқарудың тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Никельтау станциясының басшысы Рустам Маратұлының айтуынша, жоба аясында станциядағы жұмыс орны толық жаңартылып, ескі сыртқы табло мен басқару пульті заманауи цифрлық жабдықпен алмастырылды. Соның нәтижесінде пойыздар қозғалысын бақылау жеңілдеп, жедел шешім қабылдау мүмкіндігі кеңейді.

– ЦАБ-АЛСО жүйесін енгізу – Ақтөбе өңіріндегі теміржол инфрақұрылымын жаңғыртудың маңызды кезеңдерінің бірі. Жоба іске асқан соң магистральдың өткізу мүмкіндігі артып, жүк және жолаушылар тасымалының тұрақтылығы мен қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтеріледі, – деді станция басшысы.  

Жобаның басты мақсаты – теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру. Қазіргі уақытта Қандыағаш – Никельтау бағытында тәулігіне 15 жұп пойыз қатынаса, жоба толық іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш 25 жұпқа дейін өседі деп күтіледі. Ал Никельтау – Әйтеке би бағытында тәулігіне қатынайтын 7 жұп пойыз саны 25 жұпқа дейін ұлғаяды.  

Бұл өзгерістер жүк тасымалы көлемін арттырып қана қоймай, өңірдің экспорттық және логистикалық әлеуетін күшейтуге ықпал ететіні сөзсіз. Сондай-ақ қозғалысты ұйымдастыру сапасы жақсарып, теміржолшылардың жұмыс тиімділігі артады.

 

 

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды