Темір жолдың цифрлық жүрегі

Цифрландыру
31.07.2026, 15:46
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Батыс өңірлік пойыздар қозғалысын басқару орталығы 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі үздік өңірлік басқару орталығы атанды. Бұл – бір күннің немесе бір жылдың жетістігі емес, бірнеше жылға созылған жүйелі жаңғырту, цифрландыру және кәсіби еңбектің жемісі.

Ақтөбеден басқарылатын бес өңірдің теміржол қозғалысы бүгінде цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктерін айқындап, орталықтың ел экономикасы мен көлік логистикасындағы стратегиялық маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Үздік ұжымға арнайы бардық. Себебі оның тоқтаусыз жұмыс істеуі – өндірістің, сауданың, экспорт пен импорттың, миллиондаған жолаушының уақытылы қозғалысының кепілі. Үздік өңірлік басқару орталығы атанудың артында бірнеше жылдық жүйелі жұмыс, цифрландыру, кәсіби мамандардың еңбегі мен қауіпсіздік мәдениеті жатыр.

Орталық басшысы Дархан Құланбаев бір қабатта қатар-қатар орналасқан әр өңір диспетчерлерін аралап жүріп таныстырды. Иә, Батыс Қазақстандағы теміржол тасымалын басқару жүйесі соңғы жылдары жаңа кезеңге қадам басты. 2020 жылы іске қосылған Батыс өңірлік пойыздар қозғалысын басқару орталығы (РЦУП-1) тек диспетчерлік қызметті бір орталыққа шоғырландырып қана қоймай, тасымал тиімділігін арттыруға, қауіпсіздікті күшейтуге және цифрлық технологияларды енгізуге мүмкіндік берді. Бүгінде орталықтың жұмысы мыңдаған шақырым темір жолдағы қозғалыстың үздіксіз әрі қауіпсіз ұйымдастырылуына негіз болып отыр.

2020 жылдың қазан айында Батыс өңіріндегі пойыз диспетчерлері жаңа өңірлік басқару орталығына көшірілді. Бұл шешім қозғалысты басқарудың тиімділігін арттырып, өндірістік процестерді оңтайландырды. Орталық құрылғанға дейін өңірде 30 пойыз учаскесі жұмыс істесе, бүгінде олардың саны 23-ке дейін қысқарған. Оның ішінде жеті учаске біріктіріліп, басқару жүйесі ықшамдалды. Дархан Ұйқасұлының айтуынша, мұндай өзгерістер диспетчерлік шешімдерді жылдам қабылдауға және ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.

РЦУП-1 қызмет көрсететін теміржол желісінің пайдалану ұзындығы 4 864 шақырымды құрайды. Бұл – еліміздің ең маңызды транзиттік бағыттарының бірі. Өткен жыл Орталық үшін өндірістік көрсеткіштердің жақсарған кезеңі болды. Жүк айналымының жоспары 104,7 пайызға орындалып, 2024 жылмен салыстырғанда 10,2 пайызға артты. Өсімнің негізгі себебі – Ресеймен шекарадағы түйісу бекеттері арқылы келетін импорттық және транзиттік жүк ағынының көбеюі. Бұл бағыттағы көлем өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға ұлғайды. Сонымен бірге пойыздарды қалыптастыру жоспарының бұзылуына жол берілген жоқ. Жүк және жолаушылар пойыздарының кестеге сай келуі де жақсара түсті.

– Қазіргі таңда халықаралық дәліздердің ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытының рөлі ерекше. РЦУП-1 деректеріне сәйкес, контейнерлік пойыздардың маршруттық жылдамдығы тәулігіне 678 шақырымға жеткен. Бұл халықаралық жүк тасымалының қарқыны артып келе жатқанын және Батыс өңірдің логистикалық әлеуетінің күшейгенін көрсетеді, – деді Батыс өңірлік пойыздар қозғалысын басқару орталығының бастығы Дархан Құланбаев.

Орталық басшысы 2026 жылдың алғашқы алты айының қорытындысында негізгі кіріс көрсеткіші – жүк айналымы 35,6 млрд тонна-шақырым неттоны құрайтынын атап кетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3 пайызға немесе 1 млрд тонна-шақырымға жоғары. Өсімге тағы да Ресей бағытынан келетін импорттық және транзиттік жүк көлемінің артуы, сондай-ақ өңірдегі жүк тиеудің көбеюі ықпал еткен.

Батыс өңірлік пойыздар қозғалысын басқару орталығында қызметкерлерді қолдау мен олардың кәсіби дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Барлығы 225 қызметкер еңбек етсе, олардың арасында 30 жасқа дейінгі жастар аз емес. Жас мамандарды даярлау жүйесінде тәлімгерлік институтына ерекше көңіл бөлінеді. 2026 жылдың алғашқы жартысында 171 қызметкер оқытылып, 12 техникалық сабақ және 2 тәжірибелік оқу-жаттығу өткізілген. Орталық қызметкерлері тек ҚТЖ жүйесінде ғана емес, халықаралық деңгейде де өз әлеуетін дәлелдеп жүр.

 

 

 

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!