Өзбекстан мен Қытай Қырғызстан арқылы өтетін теміржол құрылысын бірлесіп бақылайтын болды

Жаңалықтар
20.07.2026, 10:28
Сурет: ашық дереккөзден

Өзбекстан Көлік министрі Илхом Махкамов пен «Қытай мемлекеттік теміржолдары» корпорациясы төрағасының орынбасары Ван Цзиньси Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржолының құрылыс барысын тұрақты түрде қадағалап отыруға келісті. Бұл туралы Өзбекстан СІМ жанындағы «Дунё» ақпараттық агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатқанын растады. Сондай-ақ жобаны жүзеге асыруда тығыз әріптестікті жалғастыруға және көлік саласындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

Кездесуде жаңа теміржол магистралінің стратегиялық мәні жоғары екені атап өтілді. 

Бұдан бөлек, Өзбекстан мен Қытай өкілдері Қытайдан Қырғызстан мен Өзбекстан арқылы өтетін қолданыстағы мультимодальды көлік дәлізінің тартымдылығын арттыру шаралары мен логистиканы жетілдіру мәселелерін талқылады.

Тараптар сыртқы сауда тасымалын дамытуға септігін тигізуі мүмкін Қытайдың шекаралық «Кашгар» станциясына экспорттық статус беру мүмкіндігіне де ерекше назар аударды.

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды