Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда

Жаңалықтар
21.07.2026, 08:48

Еліміздің бас теміржол қақпасы саналатын Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалы мен республикадағы тағы 63 вокзал кедергісіз орта қалыптастыру бағытында маңызды жобаны іске қосты.

Енді ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларды вокзал аумағында қарсы алу, шығарып салу және қолдау көрсету процесі толықтай автоматтандырылып, жаңа жүйеге көшірілді.  

Жаңа жүйенің басты артықшылығы – оның қарапайымдылығында. Мүгедектігі бар азаматтар мен балалар сапарға шықпас бұрын bilet.railways.kz сайтынан билет сатып алу кезінде өзіне қажетті көмекті алдын ала белгілей алады. Сайтта қалдырылған өтінім бірден вокзал қызметкерлерінің жұмыс орындарына біріктірілген орталықтандырылған жүйені басқару бағдарламасына автоматты түрде жолданады. Вокзал кезекшілері әрбір 30 минут сайын бағдарламаны тұрақты түрде бақылап, жаңа сұраныстарды бақылауда ұстайды. Жаңа өтінім анықталған бойда кезекші жолаушымен байланысқа шығып, көмек түрін нақтылайды және мәліметтерді бағыттаушы топқа береді. Сапар күні вокзал қызметкерлері жолаушыны кіреберістен немесе автотұрақтан күтіп алып, перронға және вагонға дейін жетектеп барады, ал келу бағыты бойынша вагон есігінен қарсы алып, көлігіне дейін қауіпсіз шығарып салады.  

Инженерлік тұрғыдан алғанда мұндай сервистің сапасы вокзалдың ішкі инфрақұрылымы мен құрал-жабдықтардың дайындығына тікелей байланысты. Мысалы, бүгінде «Нұрлы жол» вокзал кешенінде жолаушыларды вагонға қауіпсіз отырғызу және түсіру үшін австриялық Lehner Lifttechnik GmbH компаниясының PL 1400 моделіне жататын 2 арнайы мамандандырылған көтергіш механизмі жұмыс істейді. Бұл шетелдік жабдықтардың техникалық жағдайы өте қатаң бақылауда. Оларға көрсетілетін қызмет бекітілген регламентке сай жүргізіліп, қажетті қосалқы бөлшектер тікелей өндірушіден алдырылады.  

Айта кететін жайт, бұл сервис – тегін және тек қана жүріп-тұруды жеңілдетуге арналған әлеуметтік көмек, оның аясына жолаушының жеке жүгін тасымалдау кірмейді.

 

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды