ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті

Жаңалықтар
27.07.2026, 15:12

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Төтенше жағдайлар департаменті теміржол объектілері мен жылжымалы құрамға өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына 43 мың тексеру жүргізді, деп хабарлайды Rail-news.kz

21 мыңнан астам қызметкер қатысқан 9 мыңнан астам өртке қарсы нұсқаулық өткізілді. 4,9 мыңнан астам қызметкер өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Ол үшін 473 оқу сабағы ұйымдастырылды.

ҚТЖ ТЖМ бөлімшелерімен бірлесіп 131 өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді. Жаттығу кезінде өрттерді жою және төтенше жағдайларға ден қою бойынша іс-шаралар пысықталды.

Өрт қауіпті маусымда ҚТЖ Қазақстан аумағында орман және дала өрттерінің туындау қаупін азайту жөніндегі жоспарға сәйкес профилактикалық іс-шаралар кешенін іске асырады.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу саласында басқару органдарының, күштер мен құралдардың ықтимал оқиғаларға жедел ден қоюға дайындығы қамтамасыз етілді.

Өрт сөндіру пойыздары мен азаматтық қорғау құралымдарының жазғы тасымалдау және өрт қауіпті маусымдағы жұмысқа дайындығына ерекше назар аударылады.

ҚТЖ сондай-ақ Қазақстан Республикасының ТЖМ және аумақтық төтенше жағдайлар департаменттерімен өзара іс-қимыл жасайды. Өрт жағдайын бақылау үшін тәуекелдерді уақтылы анықтауға және қажетті шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік беретін спутниктік мониторинг жүйелері пайдаланылады.

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!