Ақтөбе облысында екі вокзалды қайта жаңарту аяқталды, тағы бес нысан жұмыс барысында

Жаңалықтар
03.08.2026, 10:12
Оқуға 2 мин

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Төрегелдин Ақтөбе облысының теміржол вокзалдарын қайта жаңарту барысын тексерді. Жұмыс сапарына әкімдік өкілдері, жоба және ҚТЖ өңірлік филиалдарының басшылары қатысты. Олар Ақтөбе, Алға, Қандыағаш станцияларындағы вокзалдарды және басқа да нысандарды аралап көрді.

Ақтөбе облысында шілде айында Шалқар (1909 жылы салынған, жолаушылар ағыны тәулігіне 1,4 мыңнан астам адам) және Шұбарқұдық (2012 жылы салынған, жолаушылар ағыны тәулігіне 116 адам) станцияларында екі теміржол вокзалын жаңғырту аяқталды. Тағы бес нысанда жаңарту жалғасуда. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және облыс әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өз қаражаты есебінен орындалады.  

1976 жылы салынған Ақтөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту соңғы сатысында тұр. Вокзал тәулігіне 5 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Мұнда іргетасын қалау, ғимарат жақтауын салу, шатыр мен қасбетті орнату жұмыстары аяқталды. Ішкі әрлеу, инженерлік жүйелерді монтаждау, желдету және ауаны баптау, перрон орнату және аумақты абаттандыру жалғасуда.

Қандыағаш станциясында (1984 жылы салынған, жолаушылар ағыны тәулігіне 610 адам) шатырды орнату жұмыстары аяқталды. Қасбетті салу, ішкі әрлеу және инженерлік желілерді орнату жалғасуда. Мердігер ұйымға құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауды жеделдету тапсырылды.  

Жем (1905 жылы салынған, жолаушылар ағыны тәулігіне 329 адам), Алға (1935 жылы салынған, жолаушылар ағыны тәулігіне 90 адам) және Қарауылкелді (2012 жылы салынған, жолаушылар ағыны тәулігіне 85 адам) станцияларында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.

Аралау қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға мерзімдердің бұзылуына жол бермеу мақсатында жұмысшылар санын көбейту, екі ауысым режимін ұйымдастыру және құрылыс қарқынын жеделдету тапсырылды.  Жалпы еліміз бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 70 теміржол вокзалында аяқталды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды