IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ

Жаңалықтар
04.09.2026, 09:16
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында «Ана тілім – ардағым» атты IQAS квизі өтті. Мемлекеттік тілді дамыту секторының ұйымдастыруымен өткен білім сайысына 11 команда қатысты.

Аталған сектор басшысы Ербол Тоқтағазы қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл жарыс компаниядағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстың бір бөлігі екенін жеткізді. Ал қазақша квиздің авторы Мерей Ермұханов жарыс 4 кезеңнен тұратынын жеткізіп, сұрақтар мазмұнына шолу жасап өтті.  

Компанияның кітапханасында өткен жарыста түрлі департаменттерде жұмыс істейтін қызметкерлер 4 адамнан тұратын команда құрып, оған ұлттық атаулар берді. Командалық жарыстың бірінші кезеңі – «Кіріспе» турында қатысушыларға 4 жауап нұсқасы бар 7 сұрақ берілді, олардың әрқайсысына сайыскерлер 30 секундта жауап беруі тиіс болды. Сұрақтар қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты болды. Екінші кезең – «Сөзжұмбақ» деп аталды. Үшінші кезең – «Байланыс» деп аталып, қатысушылар 10 сұраққа жауап берді. Төртінші «Ақтық мәре» турында әрқайсысына 1 минут уақыт берілетін 7 сұрақ қойылды. Сауалдардың бәрі логикаға негізделген.  

Квиз нәтижесінде 11 команданың ішінде бас жүлдені «I 100 DI» командасы иеленсе, 1-орын «Сарыарқа» тобына, 2-орын «Алаш рухы» командасына берілді және 3-орынды «Қуырдақ» пен «Береке» командалары өзара бөлісті.

– QUIZ өте қызықты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сұрақтары мазмұнды, танымдық және ойлануға мүмкіндік берді. Қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап, ана тіліміздің қадір-қасиетін тағы бір рет сезінуге ықпал етті. Осындай рухани танымдық әрі қызықты шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса дейміз, – дейді компанияның Техникалық орталығының бас менеджері, «Алаш рухы» командасының қатысушысы Азамат Маңғытаев.  

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды