«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның интеграцияланған менеджмент жүйесі сапа, экология, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ, энергия менеджменті салаларындағы ISO халықаралық төрт стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кешенді аудит қорытындысы бойынша халықаралық CERT International s.r.o. сертификаттау органы Ұлттық тасымалдаушының басқару жүйесінің ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 және ISO 50001:2018 халықаралық стандарттарының талаптарына толық сәйкес келетінін растады.

Халықаралық сертификаттауға дайындық жұмыстары 2025 жылы жүргізіліп, интеграцияланған менеджмент жүйесін енгізуге бағытталған кешенді іс-шараларды қамтыды. Компанияда қызметкерлерді ISO халықаралық стандарттарының талаптары мен үдерістік басқарудың заманауи тәсілдеріне оқыту ұйымдастырылып, ішкі нормативтік құжаттар жаңартылды, негізгі бизнес-үдерістер жүйеленіп, құрылымдық бөлімшелердің сыртқы аудитке дайындығын бағалау мақсатында ішкі аудит өткізілді.

2026 жылғы мамыр айында CERT International s.r.o. сарапшылары сертификаттау аудитін жүргізді. Оның барысында 16 құрылымдық бөлімшенің құжаттамасы зерделеніп, қолданыстағы бизнес-үдерістерге баға берілді және қызметкерлермен сұхбат өткізілді. Аудит нәтижесінде Ұлттық тасымалдаушыға сапа менеджменті, экологиялық менеджмент, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ, энергия менеджменті салаларындағы халықаралық талаптарға сәйкестігін растайтын сертификаттар табысталды.

Халықаралық сертификаттардың алынуы компания қызметінің басқарудың үздік әлемдік тәжірибелеріне сәйкес ұйымдастырылғанын айғақтайды. ISO 9001 стандарты бизнес-үдерістерді жетілдіруге, өндірістік іркілістерді азайтуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жүйелі түрде арттыруға мүмкіндік береді. ISO 14001 экологиялық менеджменттің тиімділігін күшейтіп, қоршаған ортаға әсерді төмендетуге бағытталған. ISO 45001 қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, өндірістік тәуекелдерді азайтуға және өндірістегі жарақаттанудың алдын алуға ықпал етеді. Ал ISO 50001 отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға, энергия тиімділігін арттыруға және өндірістік емес шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ жыл сайын қадағалау аудиттерінен өтіп, интеграцияланған менеджмент жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкестігін тұрақты түрде растап, көрсетілетін қызметтердің сапасын, тасымал қауіпсіздігін және өндірістік үдерістердің тиімділігін одан әрі арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды