№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылғы 2 қыркүйектен бастап №81/82 «Нұрлы жол – Орал» бағытындағы Тальго жолаушылар пойызының құрамына әйелдер вагонын енгізеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл шешім аталған қызметке жолаушылар тарапынан сұраныстың жоғары болуына байланысты қабылданды.

№81/82 «Нұрлы жол – Орал» пойызы елорда мен Батыс Қазақстан облысы арасындағы тұрақты теміржол қатынасын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта пойыз күнара қатынайды:

  • «Нұрлы жол» вокзалынан – жұп күндері сағат 23:55-те жөнеледі;
  • Орал станциясына – жұп күндері сағат 05:20-да келеді;
  • Орал станциясынан – жұп күндері сағат 09:55-те жөнеледі;
  • «Нұрлы жол» вокзалына – тақ күндері сағат 15:04-те келеді.

Бағыт бойында 9 аялдама қарастырылған.

Жаңа вагонның іске қосылуымен әйелдер вагоны қызметі қолжетімді бағыттардың саны 13-ке жетеді. Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда қатынайды:

  • №77/78 «Алматы-2 – Маңғыстау»;
  • №351/352 «Алматы-2 – Өскемен-1»;
  • №45/46 «Павлодар – Түркістан»;
  • №37/38 «Маңғыстау – Семей»;
  • №47/48 «Атырау – Нұрлы жол»;
  • №33/34 «Алматы-1 – Ақтөбе»;
  • №9/10 «Нұрлы жол – Алматы-2»;
  • №71/72 «Нұрлы жол – Шымкент»;
  • №24/23 «Ақтөбе – Алматы-1»;
  • №25/26 «Алматы-2 – Шымкент»;
  • №354/353 «Нұрлы жол – Семей»;
  • №614/613 «Орал – Маңғыстау»;
  • №81/82 «Нұрлы жол – Орал».

Әйелдер вагонында ересектердің еріп жүруімен жеті жасқа дейінгі (қоса алғанда) ер балалардың жол жүруіне рұқсат етіледі.

Билеттерді теміржол кассаларынан кассирге әйелдер вагонын таңдағаныңызды хабарлау арқылы, сондай-ақ, bilet.railways.kz ресми сайты арқылы онлайн сатып алуға болады. Билет рәсімдеу кезінде әйелдер вагонын білдіретін «ӘЙ» белгісіне назар аудару қажет.

Жолаушыларды тасымалдау қағидаларына сәйкес, билет сатылымы пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45 тәулік бұрын ашылады. Бұл жолаушыларға сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды