Үздіктер анықталды

ҚТЖ келбеті
03.07.2026, 09:20
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Шу локомотив пайдалану депосында машинистер мен көмекші машинистер арасында «Мамандығы бойынша үздік» конкурсы өтті.

Депо бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Мейірхан Орысбай мұндай жоба мамандардың кәсіби деңгейін шыңдауға мүмкіндік беретінін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Оқыту жөніндегі нұсқаушы Олег Ермилов төрт кезеңнен тұратын жарыстың талаптарын түсіндірді.  

Алғашқы тестілеу кезеңінде қатысушылар локомотив құрылғысы, техникалық эксплуатациялық ережесі, сигнализация бойынша және пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықтар бойынша теориялық білімдерін көрсетті. Екінші кезеңде үміткерлер фотосуреттер бойынша локомотив жабдықтарының қалай орналасатынын, қандай мақсатта қолданылатынын нақтылайтын викториналық сұрақтарға жауап берді.  

– Үшінші кезеңде қатысушылар локомотивтегі практикалық дағдыларын көрсетті. Айталық, шартты түрдегі ақаулар кезінде стандартты емес жағдайларда жедел әрекет етуі керек болды. Байқауға қатысқан 9 машинистің ішінен суперфиналға үш кезеңде 65 балл жинаған Айбек Тұрғыналы, 65 ұпаймен Эдуард Вишерский, ұпай саны 53-ке жеткен Ұлан Әбдіқадыров шықты. Машинистердің көмекшілері М.Әбдірәлі, К.Филипов, О.Саке, С.Тұрсынов, Д.Шынтен арасындағы бәсеке де аса тартысты болды, – дейді нұсқаушы Олег Ермилов.  

Байқау қорытындысы бойынша локомотвті бөлшектеу және құрастыру кезінде ең жақсы нәтиже көрсеткен машинист Айбек Тұрғыналы жеңімпаз деп танылса, үздік машинист көмекшісі Диас Шынтен атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды.  

 

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!