Кәсібиліктің үлгісі

ҚТЖ келбеті
31.07.2026, 12:58
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Өмірде әркім өз жолын таңдайды. Ал біреулер үшін бұл жол туғаннан-ақ маңдайына жазылып, жүрек қалауына айналады. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының жөндеу-тексеру учаскесінің бастығы Дарханбек Мақсатовтың жолы осындай, теміржолдың тынысымен тыныстап, осы салаға жан-тәнімен берілген маман.

Уақытпен санаспайтын машақаты мол салада барлық істің тұтқасы болып жүрген оның әрбір күні – жауапкершілік пен кәсібиліктің өрелі үлгісі.

Бұл әулеттің темір жолмен байланысы тереңде жатыр. 1964 жылы Қазалы станциясында теміржолшы Қайрулла ақсақалдың отбасында дүниеге келген Дарханбек жасынан еңбекқор әкенің өнегесін көріп өскендіктен, мектеп бітірген соң көп ойланбай өз кезеңінде беделі биік ҚазОТКЗ жоғары мектебінің «Электрлендіру және автоматтандыру» факультетіне түсіп, 1993 жылы диплом алып шықты.

Еңбек жолын Байқоңыр қаласындағы әскери мекемеде электрмонтер болып бастағанымен, темір жол тартып тұрғанын неге жасырсын?! Ақыры 1995 жылы Батыс Қазақстан теміржолына қарасты электрмен жабдықтау дистанциясына электрмеханик болып ауысып, өз өмірінің басты ісіне біржола бет бұрды.

– Теміржол саласы өзіндік талап-тәртібі бар тағылымды мектеп екеніне бала күнімнен қанықпын. Әкемнің берген тәрбиесі мен өнегесі бойыма сіңгендіктен осы жолды таңдадым. Біздің әулетте он баламыз. Менен кейінгі інілерім Жұмабек, Ақылбек және Жарқынбек те бүгінде осы болат жолдың бойында еңбек етіп жүр, – дейді Дарханбек Қайруллаұлы.

Жыл он екі ай тоқтаусыз келіп-кететін пойыздардың қауіпсіз әрі толыққанды қозғалысы, бағдаршамдар мен автоматты құрылғылардың үздіксіз қуат алуы – Дарханбек пен оның әріптестерінің мойнындағы үлкен жүк. Олар жай ғана міндетін атқарып қоймайды. Әрбір метрдегі кернеулі желіні, мыңдаған тетіктерді тәулік бойы жіті бақылауда ұстап, қауіпсіздікке кепіл болады. Жұмыс барысында туындаған қиындықтарға тапқырлықпен шешім тауып, өндіріске жаңашылдық пен тиімділік енгізуде Дарханбектің қолтаңбасы бөлек.

– Дарханбек Қайруллаұлы сөзіне де, ісіне де сенімді нағыз теміржолшы. Оның кәсібилігі мен жаңашыл ұсыныстары өндіріске үлкен жеңілдіктер әкелді. 2003 жылы ол әзірлеген «Фидерлердің ауысу уақытын өлшеу құрылғысы» қазіргі таңда дистанцияда кеңінен қолданылатын таптырмас құралға айналды, – дейді дистанцияның бас инженері Әлім Төлегенов.

2010 жылы Дарханбек жасап шығарған «Трансформаторларды тексеру стендісі» жобасы да ресми түрде рационализаторлық жаңалық ретінде танылып, өндірістің тиімділігін арттыруға зор үлес қосып келеді.

Бүгінде ол кәсіби міндетін сапалы атқарумен қатар, кәсіподақ ұйымының да жұмысын абыроймен жүргізіп, әріптестерінің құқығы мен жағдайына жанашырлық танытып келеді.

 

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!