Бурабайлықтар көш басында

ҚТЖ келбеті
31.07.2026, 16:01
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол көлігі қызметкерлері күні қарсаңында өткен жылды табысты қорытындылаған құрылымдық мекемелер белгілі болды. Олардың қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорыны бар.

«Үздік жөндеу шаруашылығы» номинациясы бойынша марапатқа ие болып отырған кәсіпорынның тарихы 1969 жылдан бастау алатын, ұзынөлшемді рельстерді дәнекерлеу мен теміржол құрылымын жаңартуға маманданған іргелі өндіріс орны Украина, Франция, Австрия, Ресей елдерінің техникалық жабдықтарымен «қаруланған», мұнда жұмысшылар үшін қолайлы еңбек жағдайы жасалған.

Кәсіпорын 100 метрлік жаңа рельстерден ұзынөлшемді рельс бунақтарын дәнекерлеумен, сонымен қатар ескі жарамды рельстерге екінші жаңа өмір сыйлаумен, яғни түзеу, ақауларын анықтау, қайта профильдеу арқылы жөндеу жүргізіп, оларды ұзынөлшемді немесе 25 метрлік бунақтарға біріктіріп дәнекерлеумен айналысады. Сондай-ақ кәсіпорын жұмысшылары жолда төселіп жатқан рельс бунақтарын ПРСМ машиналарымен қалпына келтіріп, рельстердің тозған ұштарын, қосқыштарды және бағыттағыш бұрмалардың айқастырмаларын дәнекерлеу жұмыстарын іске асырады. Кәсіпорында рельс бунақтарын дәнекерлеу бойынша негізгі жұмыстардан бөлек, Жол және құрылыстар департаментінің тапсырысы бойынша жолдың үстіңгі құрылымына қажетті материалдар, атап айтқанда рамалық рельстер, оның ішінде оларды жаңарту, өтпелі профильді рельстер, рельстік қосқыштар, пішінді рельстер дайындайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы жол жөндеу көлемін жыл сайын арттырып, жаңғырту жұмыстарына ерекше көңіл бөліп отыр. Осыған орай Бурабай курорты станциясында орналасқан рельс дәнекерлеу кәсіпорнында да жұмыс қыза түскен.

Мәселен, өткен жылы 297,65 км жолға төсеуге бағытталған Р65 типіндегі 25 метрлік жаңа рельстер келіп түсіп, олардан 100 метрлік рельстер дәнекерленген. 2024 жылдан қалған 30,90 км/ жол көлемін қосқанда, былтыр 328,55 км/жолға бағытталған 100 метрлік рельстер пісірілген. Сонымен қатар 100 метрлік жаңа рельстерден жұмыс көлемі 284,313 км/жолды құрайтын ұзынөлшемді бунақтар дайындалса, 14,5 км жол көлемінде теңестіруші рельстер әзірленіп, жылдық жоспар 100% асыра орындалған. Ескі жарамды рельстерден 53,553 км/жол көлемінде ұзынөлшемді рельс бунақтары дәнекерленіп, 53,553 км/жол көлемінде ескі жарамды рельстерге фрезерлеу және тегістеп ажарлау жұмыстары жүргізілген.

Жалпы, Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны жаңа 100 метрлік рельстерден ұзынөлшемді рельс иіндерін дәнекерлеумен, ескі жарамды рельстерді жөндеумен және олардан 25 метрлік және ұзынөлшемді иіндерді дайындаумен айналысады.Сонымен қатар кәсіпорын ПРСМ машиналарымен жолдағы рельс иіндерін контактілі дәнекерлеу әдісі арқылы қалпына келтірумен, жолдағы рельстердің тозған ұштарын балқыту, бүйірлік орамды тегістеу әдісімен алу, бағыттағыш бұрмалардың айқастырмаларын балқыту және тегістеу сияқты жөндеу жұмыстарымен айналысады.

– Биылғы жылдың алғашқы алты айында 120,32 км/жолға жаңа рельстерден, 36 км/жол көлемінде жөндеуден өткен ескі жарамды рельстерден ұзынөлшемді рельстер дәнекерленді. Сонымен қатар 7,39 км/жолдық жаңа теңестіру рельстері дайындалды, фрезерлеу, ескі жарамды рельстерді жөндеу жұмыстары орындалды. Сондай-ақ ескі рельстерді жөндей отырып, 25 метрлік рельстер дайындалды. Бағыттағыш бұрмалар үшін де рамалық рельстер әзірленіп, жолдағы бағыттағыш бұрмалар айқастырмасы балқытылған. Ал ПРСМ машиналарымен жолдағы рельс иіндерінің 2400 астам түйіспесі қалпына келтірілді, – дейді Бурабай курорты РДК Өндірістік-техникалық бөлім бастығы Владимир Серый.

 

 

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!