Коллекционер теміржолшы

ҚТЖ келбеті
18.08.2026, 09:01
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ – «Қала маңы тасымалы» филиалының директоры Марат Қадышев – фалеристикаға құмар ерекше хобби иесі. Ол осы қызығушылығы арқасында Қазақстан темір жолының тарихына қатысты теміржол белгілерін, медальдарды, түрлі құжаттарды, газет тігінділерін, тіпті ұлттық валютамыздың тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ескі нұсқаларын және басқа да артефактілерді жинап келеді.

– Осы салаға жұмысқа келген 1993 жылдан қызығушылығым басталды. Алдымен жолаушылар тасымалымен байланысты заттарды жинай бастадым. Алдымен шағын төсбелгілер жинадым. Уақыт өте қызығушылық кеңейе түсті. Локомотивтерге, әртүрлі бөлімшелерге және жалпы теміржол тарихына қатысты бұйымдарды жинап, коллекциям біртіндеп өсе бастады. Бүгінде коллекциялық бұйымдарымның саны 5 мыңнан асады. Іссапарлар кезінде 1940-80-жылдары пайдаланылған заттар таптым. Олардың әрқайсысы басқалар үшін елеусіз болғанымен, уақыт өте ол құнды жәдігерге айналады. Соны ұққан кезде мен оларды сақтау керек екенін түсіндім, – дейді М.Қадышев.  

Қарағандыда Шахтер қаласында туған оның туыстарының көбі шахтер болды. Ал атасы теміржолшы болған екен. Кейіпкеріміз өзін оның ізін жалғаушымын деп санайды.  

– Атамның «Құрметті теміржолшы» болғанын кейін білдім, оның наградалары, басқа да құжаттары менің коллекция жинай бастауыма себепші болды. Тарихты зерттеп, ақпараттар іздей бастадым. Біреудің ескі құжаттарды лақтырып тастағанын көрдім. Дәл осындай құжаттардың арқасында теміржолдың ондаған жыл бұрын қалай өмір сүргенін және жұмыс істегенін көруге болады. Коллекциямда Қазақ КСР теміржол училищелерінің, техникумдардың, институттардың, Ташкент көлік инженерлері институтының, байланыс жолдары министрлігінің біліктілікті арттыру институтының және басқа да көптеген оқу орындарының белгілері бар. Осы белгілерден теміржол білімінің даму тарихын да байқауға болады, – дейді ол.  

Теміржолшының ең қызықты экспонаттарының бірі – «Қазақстан темір жолына 100 жыл» медалі. Ол мемлекеттік мәртебеге ие болған жалғыз теміржол наградасы болуымен ерекше. Барлық басқа салалық марапаттар ведомстволық болып табылады. Ал бұл медаль Мемлекет басшысының Жарлығымен табысталды.  

Оның коллекциясында мерейтойлық белгілер де бар. Көптеген кәсіпорын атаулы күндерге арналған естелік медальдар мен белгілер шығарады. Жақында Павлодар локомотив депосы өзінің 100 жылдығын атап өтті. Мерейтойға орай естелік медаль мен төсбелгі жасалды. Олар да теміржолшының коллекциясынан орын алды.  

– Қазіргі кезде бұл белгілер құнды болып көрінбеуі мүмкін, бірақ мен олардың бірнеше онжылдықта нағыз тарихи артефактілерге айналатынына сенімдімін. Әріптестерім менің қызығушылығымды білгендіктен көптеген бұйымдарды маған әкеп береді, – дейді ол.  

Иә, бүгін мұны жеке адамның хоббиі ретінде қарастырсақ та уақыт өте Марат Қадышевтің коллекциясы теміржол тарихын түгендейтін еш жерде кездеспейтін құнды мұраға айналмасын кім білген...  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды