Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда

Қауіпсіздік
21.07.2026, 09:07
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп тұжырымдамасы шеңберінде «Қауіпсіз өткел» және «Қауіпсіз темір жол» республикалық профилактикалық акциясын өткізуде.

Қазақстанның барлық өңірлерінде көлік полициясы департаменті, аумақтық полиция бөлімшелері, көлік прокуратурасы мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен ұйымдастырылып жатқан рейд барысында теміржол өткелдері мен теміржол инфрақұрылымы объектілеріндегі заң бұзушылықтардың алдын алуға басты назар аударылуда. Теміржолшылар көлік жүргізушілерге өткелдерді кесіп өту ережелерін, жаяу жүргіншілерге тек белгіленген жерлерден ғана өту қажеттілігін, ал ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік арқалайтынын ескертеді. Темір жолға жақын жүрудің, жол бойында ойнаудың қауіптілігі және вагондар мен байланыс желісінің объектілерінде селфи жасау әрекеттерінің салдары түсіндірілуде.  

Акция аясында ұйымдастырушылар теміржол өткелдерінде рейдтер, автомектептерде профилактикалық дәрістер, автокөлік кәсіпорындарының жүргізушілерімен кездесулер өткізіп, пойыз жолаушыларымен және темір жолдың жанында орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен әңгімелесе отырып, темір жолдың қауіпті аймақ екенін еске салады. Қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша сұрақтарға жауап беруде.  

Профилактикалық жұмыстың жеке бағыты жолаушылар пойыздарында да жүргізілуде. Көлік полициясымен бірлесіп рейдтер ұйымдастырылып, жолаушыларға жолда жүру ережелері, жеке қауіпсіздік шаралары және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндіріледі.  

ҚТЖ теміржол инфрақұрылымындағы келеңсіз оқиғалар санын азайтуға, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмысты жалғастыруда.

 

 

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды