ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр

Аймақтар
20.07.2026, 16:42
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда семейлік теміржолшылар үшін танымдық-тағылымдық мәні зор ерекше іс-шара болып өтті. Бөлімшедегі кеңсе қызметкерлері үшін іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселелері бойынша арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның мемлекеттік тілді дамыту секторының бастығы Ербол Тоқтағазы өткізген басқосуға желі бойындағы барша мекемелерден жалпы саны жүзден аса адам жиналды. Қатысушылар арасында өзге ұлт өкілдері де біршама мол болды.

Мәртебелі мейман әуелгі кезекте мемлекеттік тіл саясатының ұлттық компания көлемінде қалай жүзеге асырылып жатқанын және қандай бағыттарға баса көңіл бөлінетінін айтып өтті. Сонымен қатар алдағы жоспарлармен де таныстырды.  

Атап айтсақ, қазіргі таңда ұлттық компания мен ешілес ұйымдарда мемлекеттік тілді оқыту, іс-қағаздарының қазақ тілінде қолданылуын қамтамасыз ету, мәдени-қоғамдық және спорттық шаралар өткізуде қызметкерлердің мемлекеттік тілді қолдануын арттыру ісіне кеңінен көңіл бөлінген. Бірінші кезекте әлбетте құжаттар айналымындағы мемлекеттік тіл қолданысының үлесін арттыруға ден қойылған.  

– Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында ұлттық компаниялардағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізу көзделген. Бұл – күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі, себебі Үкіметтің қойып отырған талабы. Осы жолда көптеген іс-шаралар өткізіп жатырмыз. соның ішінде насихат жұмыстары, қызметкерлерді оқыту, сонымен қатар кеңес беру бар. Соның ішінде құжат айналымын арттырумен бірге сапасын жоғарылату қарастырылған. Бұл – біздің басты мақсатымыз, бүгінгі семинарымыздың мазмұны осыған саяды, – деді өз сөзінде Ербол Әуелбекұлы.  

Семинар барысында бөлімше қызметкерлері де сөз алып, пікір білдірді. Абай еліндегі теміржол саласында іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу ісінде ешқандай күштеу жоқ. Қойылған талап эволюциялық жолмен іске асырылуда. Жалпы, ана тілін қолдану аясы жылдан жылға артып келеді. Оған басты себеп, бөлімшеге келіп түсетін қатынас қағаздардың арасында мемлекеттік тілдің үлесі жоғарылауда. Ал қазақ тіліндегі құжаттарға сол тілде жауап қайтару қажет.

Семинар-тренинг барысында Ербол Әуелбекұлы бірнеше маңызды мәселеге тоқталды, мемлекеттік тілде құжат даярлау барысында ескеру керек кейбір мәселелерге айрықша көңіл бөлді.  

 

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды