Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді

Аймақтар
23.07.2026, 11:20
Оқуға 2 мин
Фото Натальи Зинченко

Павлодар облысының Көктөбе станциясында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде бүкіл ел бойынша ҚТЖ өткізетін «Қауіпсіз темір жол» акциясы аясында мал иелерімен профилактикалық кездесу өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржолшылар Көктөбе кенті әкімдігі өкілдерімен және желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, темір жолға жақын орналасқан үйлерді аралап, тұрғындарға темір жолдардың маңында мал жаю ережелерін, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік барлығын түсіндірді. Кездесудің негізгі мақсаты – малдың жолға шығуын болдырмау және апат қаупін азайту.

2026 жылдың алты айында Павлодар өңіріндегі темір жолдарда жануарлардың болуына байланысты пойыздарды шұғыл тежеудің 74 жағдайы тіркелді.  41 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қараусыз қалған жануарлардың темір жолдарға шығу жағдайлары үнемі тіркеліп отыратын Ақсу – Дегелен, Тоқыбай – Үшқұлын – Ақбидайық, Павлодар – Ерейментау және Павлодар – Қорғамыс учаскелері аса проблемалы болып қалып келеді.

Жыл басынан бері теміржолшылар 3 227 мал иесі мен қоғамдық шопандарды жаю ережелерімен таныстырды. Тағы 2 890 адамға  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабынан үзінді көшірме табыс етілді.

Жануарлардың жолға шығуын болдырмау үшін өңірде қорғаныс мал қоршауларының құрылысы жалғасуда. 2026 жылы 57 км қоршау салу жоспарлануда.

Павлодар магистральдық желі бөлімшесі мал иелерін мал жаю ережелерін сақтауға және олардың темір жолдарға шығуына жол бермеуге шақырады. Бұл пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды