Алпыс жылдық абыройлы жол

Аймақтар
07.08.2026, 09:12
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен ғасырдың 60-жылдары түбектен мұнай фонтаны атқылап, жер қойнауындағы қара алтынды игеру мақсатында Маңғыстауға темір жол тартылды. Құла түзге жан бітірген темір жолға қызмет көрсету үшін жол дистанциясы құрылды. Биыл Маңғыстау жол дистанциясының ашылғанына 60 жыл толып отыр.

Дистанцияның алпыс жылдығы теміржолшылар күнімен тұспа-тұс келіп, маңғыстаулық жолшылар үш бірдей датаны қатар атап өтті. Маңғышлақ жол дистанциясының құрылғанына 60 жыл толса, мекеменің негізін қалаған Сағынай Қошқарбаевтың туғанына – 100 жыл. Осыған орай дистанциялықтар ең алдымен ардагерлер құрметіне мекеменің алдына Құрмет тақтасын орнатты. Дистанция телімдерін жаяу жүріп аралап, аяққа тұрғызған Сағынай Қошқарбаев пен 500-ден астам теміржолшы отбасының Түркіменстаннан атамекенге қоныс аударуына себепкер болып, мамандар тапшылығын шешкен кадр бөлімінің бастығы Есберген Ерпановқа арнап мекеме ғимаратының қабырғасына мемориалдық тақта орнатты.  

Сағынай Қошқарбаев 1966-1986 жылдар аралығында дистанцияны басқарған Құрметті теміржолшы, ҰОС тыл ардагері. Ал Есберген Ерпанов 1966-1975 жылдар аралығында дистанциядағы кадр мәселесімен айналысып, мамандар тартуда тарихи іс тындырып, артында өшпес із қалдырған теміржолшы болғаны айтылады.  

Құрмет тақтасына дистанцияның қалыптасуы мен дамуы жолында еңбек еткен жандардың, атап айтқанда дистанциядан шыққан 20 Құрметті теміржолшының, «Құрмет» және I, III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен марапатталған 6 азаматтың, ауыр еңбектен зейнетке шыққан 24 әйел-ананың, дистанцияның тарихында өзіндік із қалдырған 56 ардагердің суреті мен аты-жөні жазылған.  

Мерейтой осы ескерткіш белгілерді ашудан басталды. Салтанатты шараға алыс-жақыннан арнайы шақырылған қонақтар, жол дистанциясында еңбек еткен кешегі-бүгінгі теміржолшылар мен олардың ұрпақтары қатысты.  

Көзкөргендер естеліктерімен бөлісті. Жиырма жылдан астам осы мекеменің өркендеуі жолында қызмет етіп, дистанцияның екінші басшысы болған Қожахмет Уәзір, басқа ардагерлер өткен күндерден сыр шертіп, марқұм болған әріптестер рухына құран бағышталды.

Жиын орталық мәдениет үйінде жалғасты. Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Нұрмұхан теміржолшыларды төл мерекесімен, дистанция ұжымын атаулы мерейтойымен құттықтап, бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Дистанциялықтарды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Маңғыстау филиалының директоры Ерназар Ізтұрғанов пен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Қарақат Жақанов құттықтап, бірқатар марапат тапсырды. Қожахмет Уәзір мен Үсен Имаш Үздік ардагер, бірқатар дистанциялықтар Үздік жол жөндеуші, Үздік жүргізуші, Үздік машинист, Үздік көлік шеберхана маманы, Үздік құрылысшы, Үздік диспетчер, Үздік маман, Үздік жол бапкері, Үздік жол шебері, Үздік жол айналымы, Үздік жол телімі аталымдарына ие болды. Дистанцияның тарихы туралы екінші кітаптың тұсаукесері жасалып, ардагерлерге сыйға тартылды. Әрі қарай мереке концерттік бағдарламаға ұласып, кешке дейін жалғасты.  

 

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!