Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды

Аймақтар
07.08.2026, 09:37
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жылы бөлімше бойынша 42,073 км жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген аймақ теміржолшылары ағымдағы жылы 83,2 км жолды күрделі жөндеуден өткізіп, технологиялық талапқа сай етуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда осы меженің үдесінен шығу үшін жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Қызылорда жол дистанциясының еншісінде биыл 32,910 км күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда жұмыс Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясының көмегімен Екпінді станциясында жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарына тиесілі толаскез уақыты ауа-райының қолайсыздығына байланысты таңертеңгілік немесе кешкі уақыттарға реттестірілуде. Егер уақытты олай орайластырмаған жағдайда ми қайнатар шілденің ыстығы таңалакеуімнен күшіне еніп бастап, айналаның апшысын қуыра жөнеледі де, жұмыс жасамақ түгіл емін-еркін ауамен тыныстауға мұрша бермейді. Дегенмен осындай адам төзгісіз жағдайда жұмыс істеп жүрген жолшылардың күнделікті жұмысы ерлікпен пара-пар дер едік.  

Күні кеше дистанцияның Шиелі – Екпінді телімінде 800 метрлік аумаққа отандық рельс тізбектері төселді. Толаскез уақыты жарияланған бойда УК кранының көмегімен ескі рельс тізбектері сөгіліп алынып, «Четра» ауыр тракторы жердің беткі қабатын сүріп, сосын сүрілген аумақ автогрейдермен қайта тегістелді. Әрине, топырақ қабатын 40-50 сантиметрге дейін сүріп шығып орнын тегістеп жаңа рельс тізбектерін төсеуге даярлау айтуға жеңіл, ауыр салмақты алып тракторлар кемінде бірнеше рет тактикалық маневрмен жер қабатын тегістеп шықты. Жол төсемі технологиялық талапқа сай тегістелгеннен кейін УК көтергішінің көмегімен РШР тізбегі төселді.  

Рельс тізбегін төсеу кезінде әсіресе тізбектерді түйістіре төсеу кезінде дәлдік пен жолшыға тән шеберлікке басымдық беріледі. Қос жолақты рельс болғанда екеуара салыстырмалы қашықтық арнайы құрал көмегімен үнемі өлшем жүргізу арқылы үнемі бағыт нысанада сақталады. Ал жалғыз жолақты жолда жолшылардың өз пайымымен дайын төсемді қуалай төсем жасалына береді де, ЭЛБ, ВПО, ХДВ секілді арнайы жол техникаларының көмегімен жаңа жолды түзулеу, рельс тепе-теңдігін теңгеру, жол төсемі қабатын нығыздау, қиыршық тас төсеу, көтеру секілді процестер технологиялық талап бойынша арнайы техникалармен жасалынып, жол бабына келтіріледі де жол пайдалануға беріледі.

– Жаңа салынған жолдың технологиялық талапқа сай сапалы болуын қадағалап отырмыз. Екпінді учаскесіндегі толаскезге тап-тұйнақтай дайындық жасап кірістік. Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясы берілген уақытты тиімді пайдалану үшін атқарылатын жұмыстарды алдын ала есептеп алып іске кірісті. Жұмысқа қажетті техника, қиыршық тас тасымалдайтын вагон, рельс-шпал торларын жеткізетін арнайы жылжымалы құрамдар түгел жұмылдырылған, 5 бульдозер, 2 автогрейдер және 5 автотехника тәулік сайын құрылыс қарқынын үдетуде. Ағадырлық жолшылар 800 метрлік аумақтың жолын жаңадан төсеп шықты. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы салмақты, технологиялық талаптар сауатты орындалуда. Осы учаске бойынша осыған дейін берілген толаскез кезінде 8901 метр жаңа жол салынды, – деп ақпар берді Қызылорда жол дистанциясының бас инженері Ахметқали Елеусінов.  

 

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!