Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді

Аймақтар
07.08.2026, 09:49
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе теміржол вокзалының құрылысы мәреге жақындады. Нысанды қайта жаңғырту жұмыстары жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Құрылыс дайындығы бүгінгі таңда 95 пайызды құрайды.

Осы аптада ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде вокзал құрылысын көруге барды. Жаңғырту жұмыстарының барысымен «ҚТЖ»ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Төрегелдин таныстырды.  

Қазір Ақтөбенің бас вокзалында ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Инженерлік жүйелер орнатылуда. Перрон мен вокзал маңын абаттандыру аяқталуға жақын. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 20 тамызға дейін аяқтау жоспарланған.  

– Вокзалдар – өңірдің келбетін айқындайтын маңызды нысандар. Сондықтан оларды заманауи талаптарға сай жаңғырту тұрғындардың жайлылығын арттырып қана қоймай, өңірдің көлік әлеуетін де күшейтеді. Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін облыс тұрғындары мен қонақтары сапалы қызмет көрсететін, қолайлы әрі заманауи вокзалдарды пайдалана алады, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.  

Жалпы Ақтөбе облысында жеті теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр. Олар – Ақтөбе, Қандыағаш, Шалқар, Жем, Алға, Шұбарқұдық және Қарауылкелді станцияларындағы вокзалдар. Қазіргі уақытта Шалқар мен Шұбарқұдық вокзалдарындағы құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Қалған нысандарда жұмыстар жалғасып жатыр. Жобалардың жалпы құны 10,5 миллиард теңгеден асады.  

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде 124 вокзалда жаңғырту жұмыстары бір мезетте басталғаны белгілі. Көлік инфрақұрылымын заман талабына сай жаңартып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, қауіпсіз әрі жайлы жағдай қалыптастыру көзделген. Ақтөбе қаласының теміржол вокзалы – осы бағдарлама аясында жаңартылып жатқан маңызды нысандардың бірі.  

Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және облыс әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өз қаражаты есебінен орындалуда. Бүгінгі таңда 70 вокзалда құрылыс жұмыстары аяқталып, бірінен соң бірі пайдалануға берілуде.

 

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!