Кәсіби шыңдалу мектебі

Аймақтар
07.08.2026, 10:12
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол көлігінде сигнализация және байланыс саласы – қозғалыстың үздіксіздігі мен қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін маңызды бағыттың бірі. Пойыздар қозғалысын бағдаршамдар, автоматты блоктау, бағыттамалар және басқа басқару құрылғылары арқылы реттеуде цифрлық технологияның рөлі жылдан жылға артып келеді.

Қызылорда сигнализация және байланыс дистанциясы базасында аймақтағы «СОБ құрылғыларында цифрлық аппаратураларды қолдану» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Осы сала мамандарының кәсіби білімін арттырып, біліктілігін шыңдаған инновациялық семинарға өңірдегі екі дистанция өкілдері қатысып, сандық технологияны жүйеге қолдану ерекшеліктеріне сай озық тәжірибелерді меңгерді. Жиынды ашқан Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің СОБ, байланыс және электрмен жабдықтау секторының бастығы Р. Жасыбеков цифрландыру дәуіріндегі автоматика мен телемеханика құрылғыларының стратегиялық маңызына тоқталды. Бұл тұрғыда теория мен өндірістік тәжірибені ұштастыруда бүгінгі басқосудың берері көп екенін жеткізді. Ал Қызылорда сигнализация және байланыс дистанциясының бастығы Әбдірахман Сырғабаев өз баяндамасында мұндай практикалық алаңдардың саладағы қауіпсіздік деңгейін арттырудағы айрықша рөліне кеңінен тоқталды.  

Семинар барысында дистанция бастығының байланыс жөніндегі орынбасары Р.Нұрманов «Жөндеу-технологиялық учаскесінің жұмыс тәртібін баяндаса, еңбекті қорғау инженері А.Жаулыбаев автоматика құрылғыларына жөндеу жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігінің тәртібін сақтау талаптарын, БСД блогының релесіне регламенттік техникалық қызмет көрсету мен жөндеу сапасы инженері Г.Кенжеғұлова, ИВБ-М релесіне техникалық қызмет көрсетудің дәлдігі мен диагностика ерекшеліктері жайында Қ.Жоламанов және TM-RWD блогын жөндеуде микропроцессорлық стендтерді тиімді қолдану тәсілдері туралы Б.Ахметов кеңінен талқыға салып, нақты мысалдармен баяндады.  

Әрі қарай семинарға қатысушылар теориямен шектелмей, мекеменің контактісіз және релелік аппаратуралар бригадасының жұмысымен, сондай-ақ электр жетектерін жөндеу цехының жұмысымен танысып, әріптестерінің өндіріске заманауи құрылғыларды енгізу тәсіліне қанықты.  

– Бүгінгі таңда теміржол автоматикасы мен телемеханика жүйелерін цифрландыру – өндірістік қауіпсіздік пен пойыз қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі. Осы тұрғыда бүгінгі тәжірибелік семинар кезекті хаттамамен шектеліп қалмай, күнделікті жұмысымыздың нақты іс-қимыл жоспарына айналуы тиіс. Алдағы уақытта цифрлық аппаратураларды пайдалану мен жөндеу кезінде нормативтік-техникалық құжаттама талаптарының бұлжытпай сақталуы басты назарда ұсталуы тиіс. СОБ құрылғыларының сенімділігін арттыру және жас мамандардың шеберлігін шыңдау мақсатында мұндай озық тәжірибе алмасу жиындарын тұрақты түрде өткізіп тұрамыз. Біздің басты мақсатымыз – цифрлық технологияның әрбір артықшылығын болат жолдың қауіпсіздігін нығайтуға бағыттау, – дейді дистанция бастығы Әбдірахман Сырғабаев.  

 

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!