Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Аймақтар
27.08.2026, 17:58
Оқуға 1 мин

Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан елдің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жаңартылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

1953 жылы салынған вокзал ғимараты толығымен бөлшектелді. Оның орнына жаңа заманауи ғимарат салынды. Вокзал аумағы үш есеге – 324 шаршы метрге дейін ұлғайды, бұл жолаушылар аймақтарын кеңейтуге және қызмет көрсету жағдайларын жақсартуға мүмкіндік берді.

Жаңарту барысында ғимараттың қаңқасы тұрғызылып, қазақстандық өндірістің заманауи материалдарын пайдалана отырып, ішкі және сыртқы әрлеу орындалды. Сыртқы сумен жабдықтау және кәріз желілері жаңартылып, ішкі инженерлік коммуникациялар ауыстырылды және жаңғыртылды.

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және Абай облысы әкімдігі қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен қаржыландырылды.

Бүгінде Дегелен станциясы елді мекенді Семей, Астана, Бейнеу, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Қандыағаш станцияларымен байланыстыратын сегіз жолаушылар пойызына қызмет көрсетеді.

Жаңартылған вокзал жолаушылар мен теміржол қызметкерлері үшін ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасайды. Қайта жаңарту нысанды заманауи талаптарға сәйкестендіруге және өңірдің теміржол инфрақұрылымының келбетін жаңартуға мүмкіндік берді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды