Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды

Аймақтар
02.09.2026, 14:30
Оқуға 1 мин

Ақтөбе облысында 1905 жылы салынған Жем станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміз теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді.

Қайта құру барысында вокзалдың бір қабатты ғимараты жаңартылып, оның ауданы 387,5-тен 421,2 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Қасбет, ішкі үй-жайлар, инженерлік жүйелер мен инфрақұрылым элементтері жаңартылды.

Қасбеті заманауи фиброцемент тақталармен қапталған. Ішінде әрлеу жұмыстары жүргізіліп, аспалы төбелер орнатылды және еден жабындары жаңартылды. Қайта құру кезінде керамогранит, сырғымайтын керамика және модульдік винил тақталары қолданылды. Материалдардың негізгі бөлігі Қазақстанда өндірілген.

Жаңарту жолаушылар мен теміржол қызметкерлерінің жағдайын жақсартуға, жайлылық пен қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ тарихи ғимараттың сыртқы келбетін жаңартуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда вокзалдың орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 332 адамды құрайды. Станция арқылы Жемді Ақтөбе, Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шу, Түркістан, Шымкент, Қызылорда және Қазалымен байланыстыратын 24 жолаушылар пойызы өтеді. Сондай-ақ, пойыздар Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанға қатынайды.

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен іске асырылды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды