Балалар жаз қызығына кенелуде

Әлеумет
14.07.2026, 09:05
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалына қарасты құрылымдық мекемелер қызметкерлерінің балалары биыл Түркістан облысындағы «Тау гүлі Эдельвейс» балалар сауықтыру орталығында демалуда.

Олардың алғашқы легі онкүндік демалыстан оралып та қойды. Табиғат аясындағы саялы лагерь қазір екінші ауысымын ашып, жас жеткіншектерге естен кетпес жаз қызығын сыйлауда.  

– Жыл сайын жазғы демалыста теміржолшылардың балаларын сауықтыру орталықтарына жіберіп отырамыз. Биыл Түркістандағы сауықтыру орталығына жалпы 2184 жасөспірімге жолдама беру жоспарланған. Оның ішінде 234 – филиал қызметкерлерінің, 1145 – ТЧЭ-30 Шу локомотив пайдалану депосы, 758 – ТЧЭ-31 Жамбыл локомотив пайдалану депосы, 47 – ТехПД Жамбыл мекемесі жұмысшыларының балалары, – дейді «Жамбыл» филиалы кадр бөлімінің бастығы Меруерт Баймұрзаева.  

Алғашқы ауысымдағы демалысқа балаларды бастап барған кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Наурызбаев орталықтың сауықтыру іс-шараларымен танысып қайтты.  

– «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалы балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мәселесін назардан тыс қалдырған емес. «Тау гүлі» лагері Түркістан облысы, Төлеби ауданында орналасқан.  

Таулы жердегі сауықтыру орталығы саялы ағаштарының көптігімен, саф ауасымен ерекшеленеді. Мұнда жас жеткіншектердің таза ауада дем алып, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуы үшін қажетті жағдайлар қарастырылған. Спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, танымдық кездесулер, шығармашылық байқаулар мен арнайы рухани-тағылымды кештер жиі ұйымдастырылып тұрады екен. Балаларды төрт мезгіл тамақтандырады. Ас мәзіріне дәруменге бай көкөністер мен жеңіл, денсаулыққа пайдалы тағам түрлері енгізілген. Жатын бөлмелері мен асханасының, бассейн, тағы басқа ойын алаңдарының санитарлық тазалығын көріп, көңілім толды, – дейді Серік Наурызбаев.  

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды