«Үміт» пойызы іске қосылды

Әлеумет
28.07.2026, 09:00
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

24–30 шілде аралығында елімізде БҰҰ бастамасымен жыл сайын 30 шілдеде атап өтілетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай «Адам саудасы – ауыр қылмыс» атты кең ауқымды республикалық ақпараттық науқан өтуде. Науқан аясында еліміздің оңтүстік, солтүстік, батыс және шығыс бағыттары бойынша «Үміт» деп аталатын төрт арнайы үгіт-насихат пойызы жолға шықты. Олардың бағыты бойынша жалпы 12 қала қамтылады.

Адам саудасына қарсы республикалық ақпараттық науқан аясында Қарағандыға «Үміт» пойызы барып, тұрғындарға адам саудасының алдын алу, оның қаупі мен құрбандарды қорғау жолдары туралы кең көлемде ақпарат берілді. Петропавл – Алматы бағытымен жүретін пойыздың маңызды аялдамаларының бірі – Қарағанды қаласы. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, арнайы ақпараттық-насихат пойызының келуі – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні қарсаңында Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ұйымдастырған кешенді профилактикалық іс-шаралардың маңызды бөлігі болды.  

Жылжымалы ақпараттық орталыққа айналған пойыз құрамында заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер және полиция қызметкерлерінен құралған үгіт-насихат тобы болды. Теміржол вокзалында жолаушылар мен тұрғындар қазіргі заманғы құлдықтың түрлері, адам саудасына тарту тәсілдері, заңсыз еңбек көші-қонының қауіптері, сондай-ақ зардап шеккендерге көрсетілетін көмек тетіктері туралы жанжақты мәлімет алды. Қатысушыларға арнайы әзірленген ақпараттық жадынамалар таратылды.  

Ақпараттық науқан аясында Қарағанды облысы полиция департаменті студенттермен, мектеп оқушыларымен, еңбек ұжымдарымен және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Іс-шараларда адам саудасының алдын алу, күмәнді делдалдар арқылы шетелге жұмысқа орналасудың тәуекелдері, заңсыз көші-қон және интернет арқылы азаматтарды арбаудың кең таралған тәсілдері түсіндірілді. Полицейлердің айтуынша, мұндай алдын алу шаралары азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, адам саудасы қылмыстарының алдын алуға және қауіп төнген жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы ақпараттандыруға бағытталған.

 

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!