Армения Түркия және Әзербайжан шекараларына апаратын теміржол желілерін қалпына келтіре бастады

Әлемде
08.07.2026, 12:14
Сурет: Яндекс

Армения Түркия және Әзербайжанмен арадағы шекараларға алып баратын теміржол учаскелерін қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Үкімет отырысының қорытындысы бойынша елдің Премьер-министрі Никол Пашинян хабарлағандай, жұмыстар дербес түрде жүргізіліп жатыр, сонымен қатар «Оңтүстік Кавказ теміржолы» (ОКТЖ) компаниясымен заңгерлік кеңес беру процестері қатар жүруде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде түрік шекарасына апаратын Гюмри — Ахурик желісін, сондай-ақ Әзербайжанмен шекарадағы Ерасх маңындағы учаскені қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Қалған бағыттар, соның ішінде ресейлік тараппен де, алдағы уақытта талқыланатын болады.

Пашинян бұл учаскелер ОКТЖ концессиясынан шығарыла ма, жоқ па — оны нақтылап айтпады. Ол теміржолдар Арменияның меншігі екенін, ал оларды басқару мәселелері қазіргі уақытта жүріп жатқан заңгерлік консультациялар аясында шешілуі тиіс екенін атап өтті. Бұл ретте, оның сөзіне сүйенсек, ОКТЖ бұл талқылауларға тартылған және процестің барысынан толық хабардар.

Ақпан айында Пашинян Ереванның Ресейге Армения теміржолдарының концессиясын Мәскеумен де, Ереванмен де жақсы қарым-қатынастағы елдердің біріне беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынғанын мәлімдеген болатын. Ықтимал нұсқалар ретінде ол Қазақстан, БАӘ және Катарды атап өтіп, ресейлік концессия республика үшін белгілі бір бәсекелестік шектеулер тудырады деген пікірін білдірген.

Өз кезегінде, РФ Вице-премьері Алексей Оверчук сәуір айында ОКТЖ концессиясын үшінші тарапқа беруге ешқандай объективті негіз көріп тұрмағанын мәлімдеді.

Ресей теміржолы (РЖД) мен Армения арасындағы концессиялық келісімге 2008 жылы қол қойылған. Құжатқа сәйкес, ОКТЖ республиканың теміржол жүйесін 30 жыл бойы басқарады, сондай-ақ тараптардың өзара келісімі бойынша шарт мерзімін тағы 10 жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!