Швейцария рельс арасына орнатылатын күн панельдерін сынақтан өткізді

Әлемде
20.07.2026, 09:59
Сурет: Sun-Ways

Швейцариялық Sun-Ways стартапы қолданыстағы теміржол рельстерінің арасына орнатылатын әлемдегі алғашқы алынбалы күн панельдері жүйесін сынақтан сәтті өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2025 жылдың сәуірінде басталған пилоттық жоба барысында бұл учаске арқылы 11 мыңнан астам пойыз өтіп, қозғалысқа немесе теміржол инфрақұрылымына ешқандай кедергі келмеген. Осы уақыт ішінде жүйе 16 мың кВт·сағ-тан астам электр энергиясын өндіріп, жергілікті желіге берді.

Ұзындығы шамамен 100 метр болатын сынақ теліміне жалпы қуаты 18 кВт болатын 48 күн панелі орнатылған. Қажет болған жағдайда панельдерді жол жөндеу жұмыстары үшін қысқа уақытта шешіп алуға болады.

Сынақ нәтижесі пойыздардың қозғалысы жүйенің жұмысына әсер етпейтінін көрсетті. Керісінше, пойыздан пайда болатын ауа ағыны панельдердің бетін табиғи түрде тазартып отыратыны анықталған. Сонымен қатар машинистер күн сәулесінің шағылысуына қатысты ешқандай шағым түсірмеген.

Жобаға Францияның ұлттық теміржол операторы SNCF қызығушылық танытып, технологияны өз желісінде сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Ал Sun-Ways есебінше, Швейцариядағы теміржолдардың рельсаралық кеңістігін толық пайдалану жылына 1 млрд кВт·сағ-қа дейін электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Дегенмен, технологияны кең көлемде енгізу үшін энергияны желіге қосудың инженерлік шешімдерін жетілдіру қажет.

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды